СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды

158

Өңірде қар қалыңдаған сайын аң-құстарға табиғи қорек жетпейді.       

СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды Фото: sb.by

Солтүстік Қазақстан облысында жабайы жануарларды қолдан азықтандыру маусымы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биыл облыс бойынша 2500 тонна шөп, 1800 тонна жем  500 мың данадан аса азықтық сыпыртқы және тұз дайындалды. Биыл қыс жұмсақ, қар аз болса да, жануарларға қосымша азық керек, дейді мамандар.

Облыста 47 аңшылық шаруашылық бар. Бұлан, қабан, елік, түлкі, борсық, қоян, құр, кекілік, сусары мекендейді. Соңғысының жойылып кету қаупі төніп тұр. Жабайы жануарларды азықтандыру наурыздың соңына дейін жалғасады. Мамандар әр аңның ерекшелігіне сай азығын дайындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу