СҚО-да түзеу мекемесінің бастығы ұсталды

266

Осы дерекке қатысты Kazinform сұрауына Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берген.    

СҚО-да түзеу мекемесінің бастығы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 52 мекемесінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.  Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Ресми емес мәлімет бойынша, түрме бастығы сотталғанды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету үшін пара алуы мүмкін.

Халық арасында "еркін қоныс" деп аталған № 52 түзеу мекемесі Қызылжар ауданы Ольшанка елді мекенінде орналасқан. Колонияны 2024 жылдан бері полковник Рүстем Рахметов басқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу