СҚО-да заңсыз шұжық өндіретін цехтың жұмысы тоқтатылды

161

Заңсыз өндірісті ұйымдастырған 41 жастағы тұрғын кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СҚО-да заңсыз шұжық өндіретін цехтың жұмысы тоқтатылды Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында Петропавл қаласындағы Жамбыл көшесінде ет өнімдерін заңсыз өндіретін цехты анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұйымдастырушының айтуынша, ол үйрек етін сатып алып, оны өңдеп, қаладағы базарларда саудалаған.

Сонымен қатар ветеринариялық инспекция қызметкерлері оны ветеринариялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты. Ал өндіріс жүргізілген жағдайлардың қауіпсіздігін бағалау санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің құзыретіне жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу