СҚО-да жолаушылар тасымалын субсидиялауға 30 миллион теңге бөлінеді

738

СҚО-да жолаушылар тасымалын субсидиялауға 30 миллион теңге бөлінеді

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы жоғары бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті билік органы әлеуметтік маңызы жоғары тарифтерді белгілеп, бекітуге міндетті. Осы ретте Солтүстік Қазақстанда "Петропавл - Ақсуат", "Петропавл - Молодогвардейское", "Петропавл - Қарақоға" бағыттары таңдап алынып, соның негізінде облыс әкімдігінің отырысы барысында тиісті шешім бекітілді.

"Облыс бойынша орташа баға 7 теңгені құрайды. Ал әлеуметтік маңызы жоғары бағыттарға тариф 6 теңге деп бекітілді. Бағаны бұдан төмен түсіретін болсақ, облыс бюджетіне салмақ түсетін болады", - деді автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы Бейбіт Ісманов.

Оның айтуынша, аталған үш бағыттағы автобустарға облыстық бюджеттен жылына 30 млн теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу