Оқиға Талшық ауылы маңындағы республикалық маңызы бар жолда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.
– 1962 жылы туған азамат көлік кабинасында қысылып қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен оны сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу