СҚО-да жұмыссыздық деңгейі төмендеді

503

Ресми түрде 4,2 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелді. 

СҚО-да жұмыссыздық деңгейі төмендеді Фото: pkzsk.info

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында 277,2 мың адамның жұмысы бар, деп жазады inbusiness.kz pkzsk.info порталына сілтеме жасап.

2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша облыста 277,2 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту деңгейі – 95,1%.

Ақпаратқа сәйкес, жұмыспен қамтылғандардың 143,2 мыңы – ер адам, 134,1 мыңы – әйелдер.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. Жұмыссыз жүрген ерлер үлесі – 47,8%. 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,6%. 2023 жылғы 1 ақпанда жұмыспен қамту органдарында 4,2 мың жұмыссыз адам немесе жұмыс күшінің 1,4%-ы тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу