СҚО-дағы өрт: қаза болған 5 жастағы қыздың анасы қамауға алынды

168

Көк түтінге булыққан үйдің ішінен, диванның артына тығылған кішкентай баланың денесін табылған.

СҚО-дағы өрт: қаза болған 5 жастағы қыздың анасы қамауға алынды Фото: ТЖМ

Күні кеше хабарлағынымыздай, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты ауылдардың бірінде екі пәтерлі жер үйден өрт шығып, бес жасар қыз бен екінші үйде тұрған ер адам көз жұмған еді. Анықталғандай, бүлдіршінді анасы мен өгей әкесі үйге қамап кеткен екен, деп жазады inbusiness.kz cайты "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, үйдің терезесінен түтін байқалған кезде көршілер бірден көмекке ұмтылған. Бірақ, олар есікті аша алмаған, өйткені, есік құлыптаулы еді. 

"Көршілердің айтуынша, шешесі қызын үнемі жалғыз қамап кететін көрінеді. Бұл жолы да сыртынан құлыптап, қонаққа кетіпті. Кетерінің алдында пешке от жаққан, сол оттан түтін басталған тәрізді", – деп хабарлайды телеарна.

Дереккөзге сүйенсек, қыздың анасы 31 жастағы ер адаммен азаматтық некеде тұрып жатқан. Екеуі де ішімдікке құмар көрінеді. Бұған дейін келген комиссия мен әлеуметтік қызмет осал отбасылардың қатарына қоспаған.

"Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Бахтияр Бикеневтің айтуынша, баланың өлімінен кейін полиция оның анасын ұстаған", – деп хабарлайды телеарна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу