СҚО-ға Германиядан 600 бас ірі қара әкелінді

745

СҚО-ға Германиядан 600 бас ірі қара әкелінді

Солтүстік Қазақстан облысына Германиядан симментал тұқымды 600 бас ірі қара әкелінді, деп хабарлайды 24.kz.

Мыңдаған шақырымнан жеткізілген сиырлар етті әрі сүтті. Жеке кәсіпкер оларды мемлекет қолдауының арқасында шетелден сатып алған. Оларды күтіп-баптау үшін арнайы мал кешенін де тұрғызды.

Ірі қара төлдері бір айдан астам уақыт карантинге жабылып, солтүстіктің табиғатына бейімделетін болады.

Қазір мұнда 30-ға тарта ауыл азаматы жұмыс тапты. Болашақта тауарлы-сүт фермасын да ашу жоспарда бар.

"Алдағы уақытта әр сиырдан 25 литрден сүт алу оймызда бар. Яғни бастапқыда орта есеппен күніне 10-12 тонна ақты зауытқа жөнелтуді көздеп отырмыз. Бұл – шағын ғана ауыл үшін үлкен жоба", - дейді кәсіпкер Иван Зенченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу