СҚО шаруалары көктемгі егіс жұмыстарына кірісті

1133

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысына 68,9 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінген. 

СҚО шаруалары көктемгі егіс жұмыстарына кірісті

Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруалар дәнді дақыл, майлы дақыл, жемшөп және көкөніс егілетін егістіктерге ылғал жабу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы егіс алқабы 4,2 млн га құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар 2,8 млн га, майлы дақылдар 955,4 мың га, мал азығы 352,9 мың га, картоп 32,5 мың га, көкөніс 6,0 мың га.

Биылғы жылдың егіс науқанын өткізуге 13,6 мың трактор, 15,8 мың  тұқым сепкіш, 1,2 мың қазіргі заманғы өнімділігі жоғары егіс кешендері жұмылдырылады.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 99% құрайды. Жыл басынан бері облыстың машина-трактор паркі 6,7 млрд теңгеге 433 бірлік техникамен, оның ішінде 90 трактор, 15 егіс кешені және 154 астық тұқым сепкіштерімен қосымша толықтырылды.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысына  68,9 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінген. "ҚазАгро" қаржы институттары арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жыл басынан бері 16,6 млрд теңгеге 316 өтінім қаржыландырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу