Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққаны үшін жазаланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
СҚО сотының мәліметінше, сот отырысында П. өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, бұған дейін иелігінде болған көлігі істен шығып, орнына дәл сондай маркалы, бірақ Ресей есебінде тұрған басқа көлікті сатып алған. Оны Қазақстанда уақытылы тіркемегендіктен, жаңа автомобильге бұрынғы көлігінің қазақстандық мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан.
Шекарашылар бірден құқық қорғау органдарына хабар беріп, әкімшілік іс қозғалды.
Соттың қаулысына сәйкес, П. үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды және бір жыл мерзімге көлікті жүргізу құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.