Славен Билич Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

658

Славен Билич Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

Хорватиялық маман Славен Билич футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды vesti.kz. 

Порталдың мәліметі бойынша, 49 жастағы маманның агенті Қазақстан футбол федерациясымен (ҚФФ) келіссөз өткізіп жатыр. ҚФФ-ның басты мақсаты - хорватиялық маманды алдағы екі жылға Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындау. 
Билич бұған дейін түркиялық "Бешикташ", ресейлік "Локомотив" және Хорватия құрамасының тізгінін ұстаған. Маманның соңғы жұмыс орны ағылшындық "Вест Хэм" клубы болды. Бұл команданы ол 2015 жылдың 9 маусымынан бастап, 2017 жылдың қарашасына дейін жаттықтырды. 
Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы өткен аптада Бородюктің қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатын. 55 жастағы маман Қазақстан құрамасымен жеті кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіліп, бір кездесуде тең ойнады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу