Словакияда НАТО-ның көпұлтты жауынгерлік тобы ресми түрде жұмыс істей бастады

415

Украинада Ресейдің арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде НАТО бөлімшелерінің әскери қатысуын күшейту туралы шешім қабылданды.  

Словакияда НАТО-ның көпұлтты жауынгерлік тобы ресми түрде жұмыс істей бастады

Словакияда 5 қазаннан бастап НАТО-ның көпұлтты жауынгерлік тобы ресми түрде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бұдан бұрын өткен "Сильная сплоченность - 2022" жаттығуларына Чехия, Германия, Словакия, Словения мен АҚШ әскери қызметшілері қатысты, олар жауынгерлік топтың функционалдығын және оның бірыңғай қолбасшылықта бірлесіп жұмыс істеу қабілетін тексеруге бағытталған. Оқу-жаттығу соңында әр қатысушы елден келген өкілдер тобы Словакиядағы НАТО-ның жауынгерлік тактикалық тобының тағайындау бойынша тапсырмаларды орындауға дайын екендігін жариялады.

Нәтижесінде Болгария, Венгрия, Румыния және Словакияда төрт жаңа көпұлтты жауынгерлік топ құру туралы шешім қабылданды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу