Словенияда өтіп жатқан гимнастика жарысында қазақстандық жеңімпаз атанды

163

Қазақстанның спорттық гимнастика құрамасының өкілі Дияс Тойшыбек Словенияның Копер қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Словенияда өтіп жатқан гимнастика жарысында қазақстандық жеңімпаз атанды Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ол ат үстіндегі жаттығу бойынша үздік нәтиже көрсетті. Финалда Тойшыбек өз өнері үшін 14,033 ұпай алды.

Оның командаласы Зейнолла Идрисов екінші орынға ие болды — 13,866 ұпай. Ал албаниялық Матвей Петров қола жүлдені еншіледі — 13,200 ұпай.

Бұған дейін көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын алғанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу