Смайылов пен Мишустин Ресей арқылы көмір тасымалдау мәселесін талқылады

675

Алматыда Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин кездесті.   

Смайылов пен Мишустин Ресей арқылы көмір тасымалдау мәселесін талқылады Фото: primeminister.kz

Келіссөздер Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіптік ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, қазақстандық көмірді Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдау, сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушылардың Ресейге кіруіне қатысты проблемаларды жою мәселелері жан-жақты талқыланды.

Әлихан Смайылов екі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастар өзара құрмет қағидаттары негізінде прогрессивті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

"Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады, бұған өткен жылдың 11 айында 24 миллиард долларды құраған тауар айналымының керемет көлемі дәлел", - деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан өңіраралық және шекаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. Бұл бағыттағы тиімді алаң – Өңіраралық ынтымақтастық форумы.

"Биыл бірлескен іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі өзара байланыстар тұрғысынан қарқынды болатынына сенімдімін. Қазақстан үкіметі барлық салаларда толық ауқымды және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын", - деді Әлихан Смайылов.

Михаил Мишустин дәстүрлі қонақжайлылық үшін алғыс айтып, Ресей Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға басымдық беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу