Smart Astana 11 жоба әзірлеп жатыр

1102

Smart Astana 11 жоба әзірлеп жатыр

Астана әкімдігінде Smart Astana тұжырымдамасы шеңберінде 11 жоба іске асыру мәселелері талқыланды.

Smart Astana – елорданы "жаһандық ақылды қалаға" трансформациялауға бағытталған тұжырымдама, ол қала өмірінің барлық салаларын қамтиды. Қазір маңызды бағыттар бойынша әкімдіктің салалық басқармаларымен бірлесе отырып Астана Innovations АҚ жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобалардың барлығы қалалық қызметтер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызмет көрсету деңгейін арттыруға, әкімдіктің ашықтығын, яғни, билік пен тұрғындар арасында ашық диалог құруға, елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, қаланың қауіпсіздігін күшейтуге бағдарланған. 

Жобаларды қаржыландыру мемлекеттік-жеке меншік әріптестік немесе жеке инвестициялар есебінен жүргізілмек. Олардың дені - отандық компаниялар. 

Назарларыңызға қаланы дамытудың бағыттары мен 2017 жылы іске асырылатын жобалар бойынша слайдтарды ұсынамыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу