Smart Astana қолданбасы арқылы радио тыңдауға болады

1216

"Қазақ радиосы", "Classic", "Шалқар" және "Астана" радиолары қосымша арқылы қолжетімді болды.

Smart Astana қолданбасы арқылы радио тыңдауға болады

Smart Astana мобильдік қолданбасы арқылы енді радио тыңдауға болады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді, деп хабарлайды "Astana Innovations" баспасөз-қызметі.

"Өз телефоныңызда музыканы тегін тыңдағыңыз келе ме? Енді ол Smart Astana мобильдік қолданбасы арқасында қолжетімді. Ең танымал төрт радио біздің қолданбамызға енді. Олар  – Қазақ радиосы, "Classic" радиосы, "Шалқар" радиосы және "Астана" радиосы", – деп атап өтті  Бектұрова.

Айта кетсек, Smart Astana мобильдік қолданбасында  70-тен астам сервис пен қызметтер қамтылған. Бүгінде дәрігердің қабылдауына жазылу, әкімшілік айыппұлдарды және бұзушылықтарды, еңбекке жарамсыздық парағының түпнұсқалылығын, тұрғын үйге кезекті, көліктің техникалық бақылауын тексеру қызметтері жиі пайдаланылуда.

Бұдан бөлек, осы платформада қайырымдылық жобаның пайдасына қаражатты жылдам және қауіпсіз аударуға болады. Яғни, краудфандингтік платформа ашық.

Сондай-ақ, Smart Astana мобильдік қолданбасы арқылы бірыңғай жиынтық төлем жасауға болады. "Менің төлемдерім" бөліміне кіріп, "Бірыңғай жиынтық төлем" бастырмасын таңдау керек және ЖСН-ді енгізе отырып, төлем жасай аласыз.

Сонымен бірге, Smart Astana Қазақстанның ақылы жолдарында жол ақысын онлайн және кезексіз төлеуге мүмкіндік береді. Ол үшін "Көлік" бөлімінде  "Қазавтожолды" таңдаңыз, өз автоңыздың нөмірін және жол ақысын енгізіңіз.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу