Смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге артады

837

Елімізде дата-орталықтарды дамытуға 88 млрд теңге инвестицияланады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Президенттің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге артады

"Үкімет экономиканы сапалы цифрландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Интернет трафигі 2020 жылы 6 800 петабайт болса, есепті кезеңде 132 пайызға артып, 15 800 петабайтқа дейін өседі. Азаматтар смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге артып, 150 қызметті құрайтын болады", – деді премьер- инистр үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Асқар Маминнің айтуынша жыл соңына дейін әлеуметтік қызметтердің 100%-ы  проактивті форматта беріледі. 

"Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде биыл қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 80%-ға ұлғайтылады. Нарықта 150 жаңа стартап жұмыс істейді. Дата-орталықтарды дамытуға 88 млрд теңге инвестицияланады", –деді Асқар Мамин. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу