Смартфонмен келбетін көрсеткендер еgov порталын пайдалана алады

574

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осы айдың соңына дейін ел азаматтарына еgov порталына биометрия арқылы тіркелу мүмкіндігі берілетінін мәлімдеді. 

Смартфонмен келбетін көрсеткендер еgov порталын пайдалана алады

"Қоғамның шағымын сараптадық. Қарапайым халық үшін еgov-қа көшудің басты қиындығы – ол электронды цифрлық қолтаңбаны орнату, мобильдік базаға тіркелу. Осыны шешу мақсатында порталда биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асады. Енді еgov пайдаланушысы болу үшін смартфоныңызды алдыңызға қойып, келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір осы тетік сынақтан өтіп жатыр. Қарашаның соңына дейін іске қосамыз", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу