Сочиде Ердоған мен Путиннің екіжақты кездесуі өтіп жатыр

859

Кездесу барысында "Астық дәлізі" келісімі талқыланады деп күтілуде. 

Сочиде Ердоған мен Путиннің екіжақты кездесуі өтіп жатыр Фото: www.aa.com.tr

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыртуымен Мәскеуге барды.

Әлем бүгін Сочиге көз тігіп отыр. Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша көптен күткен Ердоған мен Путин кездесуі басталды. Екіжақты кездесуде астық дәлізі, сондай-ақ Ресей-Украина соғысы және екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланады деп күтілуде.

Екіжақты кездесу басталмай тұрып, баспасөз өкілдеріне берген сұхбат барысында Ердоған "Путин мырзамен кездесуден кейін әлемге берілетін хабардың (Астық дәлізі), әсіресе дамушы Африка елдері үшін жасалған өте маңызды қадам болатынына сенемін" деді. 

Айта кетейік, Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста бүгінде сыртқы сауда көлемі 62 миллиард долларға жеткен.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу