Socieux+ сараптама орталығы Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады

531

ЕуроОдақтың халықты жұмыспен қамту және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі Socieux+ сараптама орталығы Қазақстанмен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жалғастырмақ.  

Socieux+ сараптама орталығы Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Орталық өкілдері еліміздің Бельгиядағы елшілігінде соңғы екі жылда Қазақстанда атқарған жобаларын көпшілікке таныстырды, деп жазады inbusiness.kz.

Socieux+ мамандары Алматы мен Астанадағы үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік жобаларды мониторинг жасау, бағалау жүйесін жетілдіру бойынша кеңес берген. Сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды патронаттық тәрбиелеу жүйесін құруға қатысты тәжірибесімен бөліскен.

"SOCIEUX + соңғы жылдары қазақстандық ұйымдармен, оның ішінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен, Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментімен, сондай-ақ Экономикалық зерттеулер институтымен ынтымақтастықта жемісті нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі кезде бұл Орталық Қазақстанда әлеуметтік қорғауды, еңбекті қорғауды және халықты жұмыспен қамтуды жақсарту саласында  5 жобаны сәтті аяқтады", - деп атап өтті ҚР Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан.

SOCIEUX+ өкілі Маржена Бреза  Орталық Азия, Әзербайжан және Моңғолия елдерімен техникалық ынтымақтастық мүмкіндіктерімен таныстырды.

"SOCIEUX+ жұмыспен қамтудың инклюзивті, тиімді және тұрақты стратегиялары мен әлеуметтік қорғау жүйелерін әзірлеу, басқару және бақылау мүмкіндіктерін кеңейтетін қысқа мерзімді миссиялар мен іс-шаралар арқылы мемлекеттік мекемелердің мамандары арасында білім мен тәжірибе алмасу құралы болып табылады. Соңғы 2 жылда біз Қазақстанмен белсенді ынтымақтастық орнаттық  және жаңа елдерде әріптестер желісін кеңейтуге мүдделіміз", - деді "Socieux+" орталығының әлеуметтік қорғау жөніндегі техникалық кеңесшісі Маржена Бреза.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу