Қазыбек Иса: Содыр жеген таяқты момын да жеп жатыр

1402

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мемлекеттік төңкеріс жасаушыларды бүкіл ел білуі үшін Парламенттік тыңдау өткізу керек деп есептейді. Ол Бас прокурор Ғ. Нұрдәулетов пен Президент жанындағы Адам құқы жөніндегі уәкіл Э. Азимоваға депутаттық сауал жолдады.

Қазыбек Иса: Содыр жеген таяқты момын да жеп жатыр

Депутат Президент жанындағы Адам құқы жөніндегі уәкілдіктің арнайы топтарына жергілікті мәслихат депутаттарын қосуды ұсынады. Айтуынша, Азаптаулардың алдын алудың ұлттық тетігі құрамы кей өңірлерде 4-5 адамнан артпайды. Бұлар әр қаладағы тұтқында ұстау мекемелерін араласа, бір адамнан да жетпейді. 

"Ақ жол" партиясы өздерінің қосатын адамдарының тізімін дайындап қойған.

"Әркімнің әрекетіне әділ баға беру үшін, алдымен лаңкестер мен экстремистерді, содырлар мен қарақшы-тонаушыларды бір бөлек, ал бейбіт шеруге шығушыларды бір бөлек қарастыру керек. Түрлі ақпараттарға қарасақ, қазір содыр жейтін соққыны момын да жеп жатыр... Баста әлеуметтік әділеттіліктер сұрап, бейбіт митингіге шыққан шерушілерді кейін Алматыдан бастап, көптеген қалада арнайы дайындалған бүлікшіл топтар пайдаланып кетіп, заңды шерудің арты қанды шеруге айналды. Біз тергеудің әділ әрі ашық өтуін талап етеміз!", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу