Содырлар гуманитарлық дәлізбен Алепподан шыққысы келетіндерден $300-дан талап етіп отыр

1044

Содырлар гуманитарлық дәлізбен Алепподан шыққысы келетіндерден $300-дан талап етіп отыр

Лаңкестер Алеппода "Джейш-Аль-Фатх жоғары әскери кеңесінің" атынан хат таратқан. Хатта Алепподан кеткісі келетін әр тұрғынның қанша ақша төлеуі тиіс екені көрсетілген, деп жазады "КоммерсантЪ".

"Басшылық қаланың бейбіт тұрғындары әуе шабуылдарынан және Алеппо аудандарын қоршап алған сириялық әскерилерден зардап шегіп жатқанын түсінеді. Біз өзара ақылдаса келе, ұрыс даласындағы қатарластарымызды қолдау мақсатында, егер қаладан кету үшін әрқайсысы 150 мың сирия лирасы көлемінде ақы төлесе, 14 жастан 55 жасқа дейінгі  тұрғындардың шығуына рұқсат береміз", –  деп келтіреді хаттың мәтінін "Интерфакс".

Естеріңізге сала кетейік,  батыстың арнайы қызметтерінің мәліметтері бойынша, сириялық әскер Алеппо төңірегіндегі күшін арттырып жатыр. Осы аптаның өзінде Алеппоны ресейлік ұшақтармен атқылау қайта жалғасуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу