Президент: Содырларды қауіпсіздік органдарына қатысты деректер қызықтырды

2802

Қасым-Жомарт Тоқаев "қанды қаңтар" мұқият жоспарланған операция болғанын мәлімдеді. 

Президент: Содырларды қауіпсіздік органдарына қатысты деректер қызықтырды

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерді басқарған содырларды заттай құндылықтар емес, қылмыстық істердің материалдары мен қауіпсіздік органдарына қатысты деректер қызықтырды, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл туралы ол "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz  Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

"Бұл адамдар, әрине, материалдық құндылықтарға қызығушылық танытпады. Олар әкімшілік ғимараттарға шабуылдарға жетекшілік етті. Олар қылмыстық істерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты деректерге қызығушылық танытты. Бұл содырлардың қатысуымен, мұқият жоспарланған операция болды. Террористік бағытта шетелден содырларды тарту арқылы жүзеге асырылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Республика президентімен сұхбаттың толық нұсқасы сенбі күні сағат 20:00-де мемлекеттік телеарналардан көрсетіледі.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерулер бүкіл ел бойынша экономикалық және саяси талаптармен жаппай наразылық митингілеріне ұласты. Кейбір аймақтарда жаппай тәртіпсіздік басталды, әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне және дүкендерге шабуыл жасалды. 25 қаңтардағы жағдай бойынша тергеу-жедел топтармен 2 мыңнан астам қылмыстық іс тергеліп, оларға қатысты 800-ден астам адам қамауға алынды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу