Софья Берульцева мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты

838

Ол үшінші кездесуден соң  мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты деп хабарлайды inbusiness.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап .

Софья Берульцева мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты. 

Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзірбайжандық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. 

Бұл кем дегенде қола жүлде қоржында екенін білдіреді. 

Софья Берульцева каратенің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынауда. Топтық кезеңде оның қарсыластары Мельтем Ходжаоглу (Түркия), Сильвия Семераро (Италия), Ирина Зарецкая (Әзірбайжан) және Аюми Уэкуса (Япония).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу