Солтүстік Атлантикада "Титан" батискафы жолаушыларының денелері іздестірілуде

809

Сүңгуір қайық ішінде қайтыс болды деп танылған бес жолаушының денесін табу қаншалықты мүмкін екені белгісіз. 

Солтүстік Атлантикада "Титан" батискафы жолаушыларының денелері іздестірілуде Фото: BBC

Батып кеткен "Титаниктен" бір шақырымдай жерде субмарин қалдықтары табылды, ондағы су асты ортасы іздестіру жұмыстарын қиындатып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы журналистердің алдында сөйлеген сөзінде АҚШ жағалау күзетінің өкілдері хабарлады. Тоғыз түрлі кеме жұмылдырылған операция жалғасуда.

"Су асты орта өте қатал келеді. Табылған сүңгуірдің қалдықтарынан "Титан" жарылды деп болжауға болады. Біз бұл аймақта іздестіру жұмыстарын жалғастырамыз, бірақ мен қазір олардың денелерін табу қаншалықты мүмкін екенін нақты айта алмаймын", - деді АҚШ жағалау күзетінің контр-адмиралы.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ Әскери-теңіз күштері "Құпия акустикалық құрылғыны" пайдаланып, онымен байланыс жоғалғаннан кейін бірнеше сағаттан соң "Титанның" жарылғанын тіркеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу