Солтүстік Қазақстан облысында 1,7 миллиард теңгеге заңсыз балабақша салынбақ болған

168

Бюджет қаражатының жұмсалуын талдау шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталды. 

Солтүстік Қазақстан облысында 1,7 миллиард теңгеге заңсыз балабақша салынбақ болған Фото: vezha.ua

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілерін анықтады. Жергілікті шенеуніктер бюджеттік 1,7 млрд теңгеге заңсыз балабақша салмақ болды.

"Облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу және сәулет-қала құрылысы қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұза отырып, жер учаскесіне құқықтарын анықтайтын құжаттарсыз 1,7 млрд теңгеге балабақшаның құрылысына мемлекеттік сатып алулар жүргізген.", - деді Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Тағы бір жағдайда, Қызылжар, Уәлиханов аудандары әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына қайшы, ашық конкурстың орнына баға ұсыныстарын сұрау арқылы 107 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға әрекеттенген.

"Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар аудандарының әкімдіктері тауардың сапа сертификаттарының болуы туралы талаптарды белгілемей, 148 млн.теңге сомасына спорттық ойын алаңдарын сатып алу үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды", делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу