Солтүстік Қазақстан облысында 226 ауыл ауыз суға зәру

526

Мамандар бұл мәселені 2026 жылға дейін шешпек, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Солтүстік Қазақстан облысында 226 ауыл ауыз суға зәру Фото: life09.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 226 ауыл ауыз судан таршылық көріп отыр. Ол елді мекендерде өңір халқының 26 пайызын құрайды.  

Бүгінде тұрғындардың басым көпшілігі өз күштерімен құдық қазып алған. Алайда оның сапасы талапқа сай келмейді. Сол себепті, таза суды көршілес елді мекендерден тасып тұтынатын тұрғындар да бар. Мамандар бұл мәселенің 2026 жылға дейін шешілетінін уәде етіп отыр. Облыстық әкімдікте өткен жиында аудан басшыларына жобалық-сметалық құжаттарды жасауды жеделдету тапсырылды.

Еске сала кетсек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 16 елді мекенге жаңадан сумен жабдықтау нысандарын салу үшін 7,5 миллиард теңгеге қаражат бөлмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу