Солтүстік Қазақстан облысында 3,7 млн тонна астық жиналды

Ауа-райының қолайсыздығы өңір диқандарының жұмысына айтарлықтай кедергі келтірді. 

Солтүстік Қазақстан облысында 3,7 млн тонна астық жиналды Фото: inbusiness.kz

Алайда, шаруалар әр гектардан 11,1 центнер өнім алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар алаңында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

"Жиналған астық көлемі 3,7 млн тоннадан асты. Майлы дақылдар 685 мың гектарда жиналды. Өнімділікті арттыру мақсатында барлық қажетті аграрлық іс-шаралар кешені жүргізілді. Ауыл тұрғындарына жыл бойы жұмыс пен табыс әкелетін мал шаруашылығы да ерекше назарда", – деді өңір басшысы.

Осылайша, 10 айда ет өндірісі 2%-ға, сүт өндірісі 3,4%-ға өсті және 589 млн жұмыртқа өндірілді. Облыста жылына 647,8 мың тонна сүт өндіріледі. Бұл республикалық көлемнің 10%-ын құрайды.

Сүт өндіру саласы бойынша да Солтүстік Қазақстан өңірі алдыңғы қатарда. Биыл мұнда 179 мың тоннадан астам өнім шығарылды.

Сонымен қатар, "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген несие беріліп, үлкен жобалар жүзеге асып жатыр. Қазір 12 мың басқа арналған 13 сүт фермасы салынуда. Оның алтауы жыл соңына дейін ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу