Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

370

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды Фото: canva

2026 жылғы 22 қараша сағат 12:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

  • "Қостанай – Мамлютка" автожолының 226 – 406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Мамлютка қаласы);
  • "Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы" автожолының 11 – 73 шақырым аралығы (Петропавл қаласы – РФ шекарасы);
  • "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 491 – 521 шақырым аралығы (Петропавл қаласы – Мамлютка қаласы).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу