Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазалап жүрген ер адам құлап, қайтыс болды

705

Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданының Сокологоровка орта мектебінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазалап жүрген ер адам құлап, қайтыс болды Фото: loftecomarket.ru

Білім басқармасының мәліметінше, сағат 12.00 шамасында мектептің шатырының қарын түсіруге шаруашылық меңгерушісі мен жұмысшы мінген.

Шамалыдан кейін 62 жастағы шаруашылық меңгерушісі оқыста төбеден құлаған.

Ер адамның кенеттен өліп кетуіне жүрек ауруы себеп болған екен.

Өлім туралы медициналық куәлікте ер адамның миокард инфарктін алғаны көрсетілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу