Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіруде робот-құтқарушы қолданылды

127

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілердің жеке құрамымен практикалық сабақтар өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіруде робот-құтқарушы қолданылды Фото: ҚР ТЖМ

Бұл сабақтарда ерекше техника — өрт сөндіруге арналған робот-құтқарушыны пайдалану үйретілді.

Оқу-жаттығу барысында мамандар роботтың нақты қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, оның мүмкіндіктері мен басқару қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қашықтықтан басқару пультінен лафеттік оқпан арқылы су беруді көрсетуге ерекше назар аударылды.

Бұл робот адам өміріне қауіп төнген жерлерде, жарылыс қаупі төнген немесе зиянды заттары бар аймақтарда өрт сөндіру үшін пайдаланылады. Ол өрт сөндіру заттарын өрт сөндірушілер үшін қауіп-қатерді барынша азайтып, қауіпсіз қашықтықта беруге қабілетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу