Солтүстік Қазақстан облысында жанармай қымбаттады

930

Солтүстік Қазақстан облысында жанармай қымбаттады

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының кей бекеттерінде АИ-92 маркасының литрі 141 теңгеге дейін көтеріліп кеткен, деп жазады 24Хабар.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстанның Павлодар және Ресейдің Омбы мұнай өңдеу зауыттары бензин тасымалын тоқтатқан. Қазіргі уақытта олар тек Оңтүстік Қазақстан мен Мәскеу облыстарын қамтамасыз етіп жатыр. Өйткені ондағы зауыттар жөндеу жұмыстарына жабылған. Сол себепті жергілікті операторлар жанар-жағармайды Татарстан Республикасынан қымбатқа сатып алуға мәжбүр. Облыстық әкімдік бағаны реттеу бойынша тиісті шараларды қолға алды. Дегенмен кей бекеттерде АИ-92 маркасының литрі 133-135 теңге аралағында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу