Солтүстік Қазақстанда 2 полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

542

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстанда 2 полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты Фото: Ержан Саденов / facebook

Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеді.

– Қызметтік борыштарын атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Владимир Синицын мен полиция аға лейтенанты Дәулетхан Қазыханның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, – деп жазды министр.

Қызметтік борышын атқару кезінде өмірі қиылған қызметкерлердің есімі ішкі істер органдарында мәңгі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу