Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өлі табылды

333

Ол әкім лауазымына биыл ақпан айында ғана тағайындалған. 

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өлі табылды Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округтің әкімінің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл округінің әкімі Ерлан Смаилов өзіне қол жұмсаған.

Белгілі болғандай, ол бұл қызметке 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған. Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Тергеу жүмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу