Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл сусыз қалды

113

Облыстың Айыртау ауданына қарасты 10 мың адам тұратын Саумалкөл ауылы жазда сусыз қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл сусыз қалды Фото: Видеодан скрин

Аудан орталығы саналатын елдімекенде қазір балабақшалар санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалмауына байланысты уақытша жұмысын тоқтатты. БАҚ мәліметінше, ауыз су беру мамыр айының соңында тоқтаған. Бұған қазір жабылып кеткен "Саумалкөл жылу" мекемесінің қарызы негізгі себеп ретінде аталған.

Алайда ахуалдың маңыздылығына қарамастан, жергілікті билік орындары ресми түсініктеме бермей отыр. Су қашан қайта қосылатыны туралы нақты ақпараттың болмауы тұрғындар арасында алаңдаушылық пен наразылық тудырып, отбасыларға қажетті су қорын жинау мен қауіпсіздік шараларын қабылдауды қиындатқан.

Ал санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері ауызсудың жоқтығы жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу