Солтүстік Қазақстанда ерлі-зайыпты жол апатына түсіп, әйелі көз жұмды

83

Оқыс оқиға Жезқазған – Петропавл автожолында болған.

Солтүстік Қазақстанда ерлі-зайыпты жол апатына түсіп, әйелі көз жұмды Фото: freepik

Әйел адам Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы маңындағы трассада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлі-зайыпты кешкілік уақытта туыстарынан қайтып келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп кеткен.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Audi автокөлігінің 41 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 36 жастағы жүргізуші жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу