Солтүстік Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды

132

Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Солтүстік Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды Фото: Үкімет

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Баянтай ауылында жаңа сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды. Жоба прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Салтанатты іс-шараға Айыртау ауданының прокуроры м.а. Зейнуллин Жеңіс, аудан әкімі Меңдібаев Мейрам, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа жүйе 240 тұрғынға орталықтандырылған ауыз су беруді қамтамасыз етеді. Бұл елді мекен тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Жоба мемлекетке қайтарылған қаражаттың әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржыландыруда тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтерді пайдаланып, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында барлығы 32 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Осы жобалардың орындалуы қадағалау органының бақылауына алынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу