Солтүстік Қазақстанда көлікті мас күйде жүргізген мемқызметші 6 айға сотталды

108

Ол мас күйде рульге ие бола алмай жол апатын жасаған. 

Солтүстік Қазақстанда көлікті мас күйде жүргізген мемқызметші 6 айға сотталды Фото: freepik

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында көлікті мас күйде жүргізіп ұсталған мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, оқиға 20 наурызда болған. Мемлекеттік қызметші көлікті мас күйде басқарып, рульге ие бола алмай жол апатын жасаған. Салдарынан қасындағы жолаушы зардап шекті. 

Істі Тимирязев аудандық соты қарады. Ол өз кінәсін мойындамағанымен, мемлекеттік айыптау қылмысын дәлелдеді. Сот прокуратураның пікірімен келісіп, оны 6 айға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу