Солтүстік Қазақстанда күдіктілер қожалықтан 50 бас асыл тұқымды бұзау ұрлаған

306

Тимирязев ауданының полиция бөліміне жергілікті шаруашылықтардың бірінің директоры малы ұрланғанын айтып, көмекке жүгінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Солтүстік Қазақстанда күдіктілер қожалықтан 50 бас асыл тұқымды бұзау ұрлаған Фото: СҚО ПД

Мал басын түгендеу кезінде әулиекөл тұқымды 50 бас бұзаудың жетіспейтінін анықтаған. Келтірілген шығын сомасы – 5 млн 800 мың теңге.

Шаруашылық күзетілмейді. Бейнебақылау камералары да орнатылмаған. Ұрлықтың да нақты қашан жасалғаны белгісіз.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорынның 24 және 25 жастағы екі жұмысшысының ұрлыққа қатысы барын анықтады.

Күдіктілердің сөзінше, бұзауларды олар бірнеше рейспен ұрлап, ауданның әр түрлі адамдарына сатқан.

Қазіргі уақытта құжатсыз сатып алған тұрғындардан 25 бас бұзау қайтарылды, қалғаны бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал күдіктілер енді 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу