Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар көлде қалған 4 ресейлікті құтқарды

288

Қатты жел мен толқын демалушыларды суда қалдырды.  

Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар көлде қалған 4 ресейлікті құтқарды Фото: Бейнежазбадан

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Имантау көлінде Ресейдің төрт азаматы құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демалушылар резеңке қайықпен көлге шыққан. Алайда қатты жел мен биік толқын салдарынан қайық аралға қарай ығысып, олар өздігінен жағалауға қайта алмаған.

Ер адамдар құтқару кеудешелерін киіп, жағалауға өз беттерінше жүзуге шешім қабылдаған. Бірақ қатты жел мен толқын қозғалысты қиындатып, олар қиын жағдайға тап болған.

Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына барып, төрт азаматты да жағалауға жеткізді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу