Солтүстік Қазақстанда құтырған ит өз иесін қауып алды

87

Ауылға шектеу шаралары енгізілді. 

Солтүстік Қазақстанда құтырған ит өз иесін қауып алды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Амангелді ауылында құтыру ауруының бір жағдайы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Петропавловск.news-ке сілтеме жасап. 

26 ақпанда әйел адам ветеринариялық қызметке жүгініп, иті тістеп алғанын айтқан. Мамандар патологиялық материал алып, оны облыстық ветеринариялық зертхананың бөлімшесіне жіберген.

"3 наурызда жүргізілген зертханалық тексеріс нәтижесінде "құтыру" диагнозы расталды", – делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты ауылға шектеу шаралары енгізілді. Тиісті шешімді 5 наурызда ауылдық округ әкімі қабылдады. Мамандар індетке қарсы  шаралар жүргізді. Атап айтқанда, үй-жайларға дезинфекция жасалып, ауру ошағын оқшауланды, сонымен қатар жануарларға екпе салынды.

18 наурызда ветеринарлық қызмет 45 жануарға, соның ішінде 36 бас ірі қара малға, 1 итке және 8 мысыққа вакцина салды.

"Шектеу шаралары соңғы өлім жағдайы немесе вакцинация дерегінен кейін 60 күн өткен соң алынып тасталады", – деп хабарлады ветеринарлық қызмет.

Құзырлы мекеме жағдай бақылауда деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу