Солтүстік Қазақстанда негізсіз жұмсалмақ болған 225 млн теңге бюджетке қайтарылды

103

Прокурорлардың наразылық актілері негізінде сатып алулардың күші жойылды.

Солтүстік Қазақстанда негізсіз жұмсалмақ болған 225 млн теңге бюджетке қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстанда облысында прокурорлар мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Қадағалау органының мәліметінше, жүргізілген талдау барысында екі ауданда өрескел заң бұзу деректері анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшылары көшелерді орташа жөндеу жұмыстарына 213,8 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік сатып алу жүргізген.

Алайда, бұл жер учаскелерінің тиімті құжаттары болмаған. Ал Тайынша ауданында білім бөлімі педагогтарды медициналық тексеруден өткізуге 13 млн теңге бөлген. Бірақ сатып алуға Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарында жоқ қосымша қызметтер енгізілген. Олардың қатарында дерматовенеролог, невропатолог сияқты дәрігерлердің қабылдауы, зертханалық талдаулар және әйелдердің қарау кабинетінің қызметтері бар.

Прокурорлардың наразылық актілері негізінде бұл сатып алулардың күші жойылды. Қазіргі уақытта кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр. Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 17 мемлекеттік сатып алуды тоқтатып, 225 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу