Солтүстік Қазақстанда су құбыры инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

129

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарда барлық жұмыс аяқталғаннан кейін халық сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.

Солтүстік Қазақстанда су құбыры инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді Фото: Үкімет

СҚО-да су құбыры инфрақұрылымын дамытуға елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл қаражат есебінен өңірдің сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға бағытталған 48 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында Соколов, Булаев және Преснов топтық су құбырларын реконструкциялау, сондай-ақ Айыртау және Шал ақын аудандарындағы ауылдарда Көкшетау топтық су құбырына қосылатын жаңа су құбырлары мен су тарту тармақтарын салу жобалары бар. 

Қазіргі таңда еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Осы құбырлар арқылы 175 мыңнан астам тұрғыны бар 229 ауыл ауыз сумен қамтылып отыр.

Петропавл қаласының тұрғындары 100%, ал ауылдардағы халық 97,5% сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу