Солтүстік Қазақстанда 3 бала дөнерден уланып, қылмыстық іс қозғалды

125

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.   

Солтүстік Қазақстанда 3 бала дөнерден уланып, қылмыстық іс қозғалды Фото: gov.kz

Төрт адам астан уланған, олардың үшеуі – бала, біреуі – ересек. Барлығы ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты басқармаға сілтеме жасап.

Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Булаев қаласында өткен "Жастар-2025" спартакиадасының ашылуында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зардап шеккендер мереке өтіп жатқан аумақтағы сауда нүктесінен көше тағамын – болжам бойынша дөнер жеген.

Зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін, тек кейбіреулері дәрігерге бармай, өз бетімен емделген. СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқарманың бұл іс бойынша тергеу бастағанын хабарлады.

Эпидемиологиялық тексеріс жүргізу үшін қажетті барлық сынамалар мен сүртпелер алынды. Бүгінгі таңда нәтижелер сараптамада. 

"Кәмелетке толмағандардың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, оң динамика байқалады. Ересек науқас та дәрігерлердің бақылауында инфекциялық бөлімде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауырлықта", – деді ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу