Солтүстік Қазақстанда заңсыз пайдалы қазба өндіргендердің ісі әшкере болды

127

СҚО прокурорлары пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды сот тәртібімен жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстанда заңсыз пайдалы қазба өндіргендердің ісі әшкере болды Фото: go arctic.ru

Қадағалау органы талдау шеңберінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияларды заңсыз беруде көрініс тапқан өрескел заң бұзуды анықтады.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің 25-бабына сәйкес елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға іргелес аумақтарда бір мың метр қашықтықта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

"Кодекстің көрсетілген нормасын бұза отырып, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының лауазымды тұлғалары елді мекендердің жерлерінде орналасқан жалпы ауданы 44 га "Березовка" және "Шаховское" кен орындарында пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия берді", – делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарламасында.

Сондай-ақ, бұл учаскелер ішінара Орман кодексінің талаптарына қайшы келетін мемлекеттік орман қорының жерлерінде орналасқан.

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талап – арыздары бойынша сот жоғарыда аталған лицензияларды жарамсыз деп таныды.

Бүгінгі таңда сот актілері заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу