Солтүстік Қазақстанда зейнеткер әйел өз үйінде өрттен қаза тапты

171

Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Солтүстік Қазақстанда зейнеткер әйел өз үйінде өрттен қаза тапты Фото: ТЖМ

Жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабар СҚО ТЖД-ның кезекші бөліміне 12 ақпан күні таң ата түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен жалынға оранған, хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өртті сөндіру барысында үй иесі – 68 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 10 қызметкер және екі техника жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу