Солтүстік Қазақстанда жетім балаларға тиесілі үйлерге бөгде біреулер қоныстанған

176

СҚО прокурорлары ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын қорғады.  

Солтүстік Қазақстанда жетім балаларға тиесілі үйлерге бөгде біреулер қоныстанған Фото: freepik.com

Жергілікті қадағалау органдары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктерінің сақталуын бақыламаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айыртау ауданының "Балаларды қолдау" орталығы аталған ауданның Лобаново ауылында орналасқан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 6 баланың үйін ұзақ уақыт бойы басқару және бақылау шараларын қабылдамаған. Аталған тұрғын үйге 2024 жылдың тамызынан бастап заңды негізсіз бейтаныс адам қоныстанған.

Мамлют ауданында "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының талаптарын бұза отырып, жетім балаларға арналған 2 коммуналдық пәтерде басқа адамдар тұрған.

Тағы бір жағдайда, Ақжар ауданындағы "Балаларды қолдау" орталығының тәрбиеленушісінің әкесі қайтыс болғаннан кейін облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің жарғылық капиталындағы жер үлесі қалған.

Құрылтай құжаттарына сәйкес кәмелетке толмаған адамның банк шотына жыл сайын әлеуметтік көмек (пайлық дивидендтер) келіп түскен. Алайда, уәкілетті органның бақылауының болмауына байланысты 2024 жылы талап етілетін төлемдер жетім баланың банктік шотына жіберілмеген.

Прокуратура араласқаннан кейін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бұзылған құқықтары тұрғын үйді бөгде адамдардан босату және әлеуметтік көмек төлеу арқылы қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу