Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 2 адам көз жұмды

309

Аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 2 адам көз жұмды Фото: v-kurse-voronezh.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға республикалық маңызы бар "Петропавл–Жезқазған" автожолының 808-шақырымында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен сағат 16:00 кезінде тіркелген. Петропавл қаласынан Сергеевка бағытына қарай келе жатқан "Нива" автокөлігі жол жиегінде тоқтап тұрған "ГАЗель" көлігіне соғылған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Шал ақын ауданындағы Кеңес және Жаңажол ауылдарының арасында болған.

Апат салдарынан "Нива" көлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал 45 жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, қабылдау бөлімінде көз жұмған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және жолда барынша мұқият болуды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу