Солтүстік Корея да 4-сыныптан бастап мектептерінде орыс тілін міндетті пәнге айналдырмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай тосын жаңалықты РФ мен КХДР арасындағы үкіметаралық комиссияның тең төрағасы, Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов мәлім еткен.
– КХДР мектептерінде орыс тілі 4-сыныптан бастап міндетті пән ретінде енгізілді. Ал Ресейде қазіргі уақытта 3 мыңнан астам оқушы корей тілін оқиды. Олардың басым бөлігі корей тілін екінші немесе үшінші шетел тілі ретінде меңгеріп жүр, – деді ол Мәскеудегі үкіметаралық комиссия отырысында.
Министрдің сөзінше, екі ел түрлі сала бойынша қосымша білім беру саласында белсенді әріптестік жүргізіп келеді.
– Биыл 29 корейлік геолог ресейлік геологиялық мекемелер базасында курс өтті. Олар іздеу және барлау жұмыстары, зертханалық талдау әдістері, картография және деректер базасымен жұмыс істеу бағыттарын меңгерді, – деді ол.
Козловтың мәліметінше, өткен оқу 96 солтүстіккореялық азамат Ресей жоғары оқу орындарына қабылданған. Ал Ресейде 300 студент корей тілін таңдаған.
Ол сонымен қатар орыс тілі КХДР-дегі ең танымал үш шетел тілінің қатарына дәстүрлі түрде енетінін атап өтті. Қазір Солтүстік Кореяда шамамен 600 адам орыс тілін оқып жүр.