Солтүстік Корея президенті Қытайға барды

315

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. 

Солтүстік Корея президенті Қытайға барды Фото: BFM.ru

Корей Халық Демократиялық Республикасының президенті Ким Чен Ын арнайы пойызбен Қытайға аттанып, сейсенбі күні таңертең Аспан асты елінің шекарасынан өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Корея дауысы" радиостанциясының хабарлауынша, Ким Чен Ын Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысады.

Дүйсенбі күні Yonhap агенттігі Ким Чен Ынның ресми сапармен Бейжіңге баратынын жазған еді. Солтүстік Корея басшысының шетелге он бірінші сапары болады.

"Ким Чен Ын 1 қыркүйекте Қытай халқының жапон басқыншылығына қарсы соғыстағы және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін Си Цзиньпиннің шақыруымен Пхеньяннан арнайы пойызбен жолға шықты. 2 қыркүйек күні таңертең арнайы пойыз шекараны қиып өтті", – 
делінген хабарламада.

Делегация құрамында басқа да лауазымды тұлғалар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу